ИМАНҒАЛИ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ ҚҰРБАН АЙТҚА ОРАЙ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Атырау қаласындағы Иманғали орталық мешітінде ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Мешіт ауласына арнайы киіз үйлер тігіліп, жамағатқа мерекелік дастархан жайылды. Сонымен қатар тұрғындар мен жастар арасында ұлттық және спорттық ойындар өткізіліп, мерекелік көңіл-күй сыйланды.

Айт мерекесіне жиналған тұрғындар қазақтың дәстүрлі ойындарына қатысып, өзара бақ сынасты. Шараның басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына баулу, ұлттық ойындарды дәріптеу және жамағат арасындағы ауызбіршілікті арттыру.

Күш сынасу сайысы бойынша:
🥇 І орын – Темірлан
🥈 ІІ орын – Сұлтанбек
🥉 ІІІ орын – Ермахамбет иеленді.

Гір тасын көтеру жарысында:
🥇 І орын – Доскалиев Досқали
🥈 ІІ орын – Тұрсынов Болат
🥉 ІІІ орын – Айткужин Асет жеңімпаз атанды.

Ал ләңгі тебу ойынында:
🥇 І орын – Насиев Нұрболат
🥈 ІІ орын – Айшуақов Ербол
🥉 ІІІ орын – Жұматов Мұстафа жүлделі орындарды еншіледі.

Сондай-ақ арқан тартыс сайысында:
🥇 І орын – «Иманғали» мешіті командасы
🥈 ІІ орын – «Гирвики» командасы
🥉 ІІІ орын – «Жастар» командасы иеленді.

Жарыс жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Шара барысында жамағатқа ұлттық тағамдар ұсынылып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлайтын бағдарламалар ұйымдастырылды