Ораза Айт: Атырау облысында намазға 23 мың адам жиналды, 10250 балаға айттық таратылды (+ ФОТО)

Қасиетті Ораза Айт мерекесін Атырау облысы жұртшылығы жоғары деңгейде атап өтті.

Облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде ауқымды деңгейде бұқаралық шаралар ұйымдастырылды. Айт намазы оқылып, уағыз-насихаттар айтылды.

Ақсақалдарға, аналарға құрмет көрсетілді. Жамағат арасында ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылып, балаларға айттық үлестірілді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.