Ораза Айт: Атырау селолық мешітіндегі шаралар 1000 адамды қамтыды

Атырау селолық мешіті Айт мерекесін жоғары деңгейде атап өтті.
Жергілікті уақытпен таңғы сағат 7.00-де оқылған Айт намазына 700 адам қатысты.

Мереке Ораза Айт құрметіне  ұйымдастырылған Құран жарысымен жалғасты. Сондай ақ, кір тасын көтеру, арқан тартыс сынды бәсекелерде сынға түсіп, үздік нәтиже көрсеткендер дипломд ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Мешіт атынан балаларға батут, әткеншек құрылып, 1000 дана балмұздақ таратылды. 200 адамға айт дастарханы жайылды. Ауыл ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысқан іс-шарада ауыл үлкендері құттықтау сөз сөйледі. Аталған мешіттің найб имамы Асылбек Ғұмаров уағыз-насихат айтып, жергілікті жұртшылықты бірлікте, ынтымақта болуға шақырды. Қонақтарға сыйлықтар таратылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.