Атырау қаласының Балықшы мөлтек ауданында орналасқан Парасат мешітіне жаңа имам тағайындалды. Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы мешіт жамағатына жаңа имамды ресми түрде таныстырды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Жасұлан Қуанышұлы Парасат мешітіне имам қызметіне бекітілді.
Тағайындау рәсімінде сөз сөйлеген облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жаңа имамның дін жолындағы біліміне, тәжірибесіне тоқталып, оның Атырау жұртшылығына рухани тәрбие беруде белсенді еңбек ететініне сенім білдірді.
Парасат мешіті – Балықшы ауданындағы көрнекті рухани нысандардың бірі. Мешіт бір мезетте 700 адамды қабылдай алады. Ғимаратта ерлер мен әйелдерге арналған жеке намаз залдары, имамдар бөлмесі және жамағатқа арналған кең асхана қарастырылған.
Мешіттің ашық әрі қолайлы инфрақұрылымы оның тек құлшылық орны емес, сонымен қатар рухани-ағартушылық орталық ретінде де жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Жасұлан Қуанышұлы жоғары білімді маман
Қағазғалиев Жасұлан Қуанышұлы 25.06.1982 жылы Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылында дүниеге келген.
1988-1997 жж Жамбыл орта мектебін бітірген;
1997-1999 жж Индер аудандық училищеде ТМШП мамандығын алған;
2001-2008 жж Атырау қаллық Құспан Молла мешітінде найб имам қызметін атқарды;
2008-2011 жж Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылдық мешітінде Бас имам болды;
2012-2017 жж Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак ЕИМУ бітірген;
2012-2013 жж Атырау облыстық Иманғали орталық мешітінде азаншы қызметін атқарды;
2016-2017 жж Алматы қаласы Бостандық ауданы Орбита мешітінде ұстаз;
2020-2025 жж Атырау облысы, Жылыой ауданының бас имамы
2025 жылы күні бүгінге дейін “Иманғали” орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқарды
Отбасылы 5 баланың әкесі






