Қайтпай Сұлтан мешітінде әйел жамағаты Құран ілімін меңгеруде

Еркінқала ауылындағы Қайтпай Сұлтан мешітінде әйел жамағатына арналған рухани-танымдық дәрістер мен Құран сабақтары тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Қазіргі таңда мешіт жанында отыз бес әйел тұрақты түрде Құран үйреніп, діни білімін жетілдіруде.

Жақында мешіт имамы Арман Амангелдіұлы әйел жамағатымен арнайы кездесіп, имандылық, отбасы құндылығы және ізгілік жолы туралы насихат айтты.

Дәрістердің негізгі мақсаты – әйелдердің діни сауатын арттыру, Құран ілімін үйрету және рухани тәрбиені нығайту болып табылады.