Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Дастан Сүлейұлы Жылыой ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында ол Жылыой мұсылмандары мешітінде жұма намазында уағыз айтып, жергілікті жамағатпен жүздесті.
Сондай-ақ, өңір имамдарымен кездесу өткізіліп, діни сауаттылықты арттыру, жастармен жұмыс және жат ағымдардың алдын алу бағытындағы мәселелер талқыланды. Басқосу барысында дін қызметкерлеріне әдістемелік кеңестер беріліп, тәжірибе алмасу жүзеге асты.
Бұл сапар – ел ішінде діни тұрақтылықты сақтау мен қоғамда рухани ағартушылықты күшейту жолындағы маңызды қадамдардың бірі.



