Қоғам және жауапкершілік: сталкинг пен мәжбүрлі некенің алдын алу

Жылыой аудандық мешітінің бас имамы Думан Мұратұлы «Қоғам және жауапкершілік: сталкинг пен мәжбүрлі некенің алдын алу» тақырыбындағы кездесуде мектеп оқушылары мен жиынға қатысушыларға арнайы спикер ретінде өз ойын білдірді.

Кездесу барысында имам қоғамдағы әрбір азаматтың, әсіресе жастардың, құқықтық сауаттылығы мен адамгершілік жауапкершілігінің маңызын атап өтті. Сталкингтің (қудалау, аңду) жеке адамның ар-намысы мен қауіпсіздігіне қол сұғу екенін түсіндіріп, мұндай әрекеттердің заң және шариғат тұрғысынан айыпталатынын жеткізді.

Сондай-ақ мәжбүрлі неке – Ислам дініне де, адам құқығына да қайшы іс екені айтылып, неке екі жастың өзара разылығы мен келісімі арқылы ғана қиылуы тиіс екені насихатталды.

Жиын соңында жастарға сабыр, сыйластық, жауапкершілік және заңға құрмет қағидаларын берік ұстану жөнінде тағылымды кеңестер берілді.