Құрбан айттың үшінші күні 600 отбасы мен 4 қорға құрбандық еті таратылды

Құрбан айттың үшінші күні 600 отбасы мен 4 қорға құрбандық еті таратылды

Қасиетті Құрбан айт мейрамының үшінші күні 55 қой мен 4 сиыр сойылып, 600 отбасы мен 4 қайырымдылық қорға құрбандық еті үлестірілді. Бұл игі шара әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж жандарды қолдауға бағытталған. Құрбандық еті арнайы еріктілердің көмегімен мұқият оралған күйде әр отбасы мен қорға жеткізілді.

Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл — қоғамда қайырымдылық пен бірлікті нығайтуға бағытталған ізгі бастама.