Құрманғазы ауданының бас имамы Шалқар Дәулетханұлы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен кездесті.
Жиын барысында қоғам тыныштығын сақтау, жат діни ағымдардың алдын алу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері кеңінен сөз болды. Бас имам өз сөзінде діннің асыл мұраттары мен дәстүр сабақтастығы жайында тоқталып, қызметкерлерді ел бірлігін бекемдеуге, жастарды теріс ағымдардан қорғауға үндеу керектігін атап өтті.
Кездесу соңында қатысушылар көкейдегі сауалдарын қойып, пікір алмасты.


