Құрманғазыда шәкірттерге арналған домбыра үйрету курсы өтті

Құрманғазы аудандық «Темірәлі» мешіті жанындағы Құран жаттау және сауат ашу орталығында тәлім алып жатқан шәкірттерге арнайы домбыра үйрету курсы ұйымдастырылды.

Бұл игі бастама «Ислам және отбасы құндылығы жылы» аясында өткізіліп, дін мен дәстүрдің сабақтастығын, ұлттық құндылықтарды насихаттауды мақсат етеді.

Шара барысында ауданның бас имамы Шалқар Дәулетханұлы жамағат пен шәкірттерге насихат айтып, ұлттық өнер мен имандылық тәрбиесінің өзара байланысын атап өтті.

Домбыра үйрету курсы арқылы жас буынға рухани-мәдени тәрбиені арттыру және ұлттық болмысты дәріптеу көзделіп отыр.