Құспан молла мешітінде 300 балаға оқу құралдары табысталды

Атырау қаласындағы Құспан молла мешіті жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан 300 балаға оқу құралдарын табыстады.

Қайырымдылық шарасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған «Мектепке жол» акциясы аясында өтті. Шара барысында балаларға сөмке, дәптер, қалам және басқа да қажетті оқу жабдықтары үлестірілді.

Мешіттің бас имамы Эммат Ғұмаров аталған игі шараның басты мақсаты — балалардың білім алуына қолдау көрсету, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жәрдемдесу екенін атап өтті. Сондай-ақ, жамағатқа алдағы уақытта да осындай қайырымдылық жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.