Атырау қаласындағы Құспан молла мешітінде қасиетті жұма күніне орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 20 адамға қажетті азық-түлік пен тұрмыстық көмектер үлестірілді.
Іс-шараға мешіттің бас имамы Эммат Ғұмаров қатысып, жиналған жамағатқа насихат айтты. Өз сөзінде имам жұма күнінің береке-қасиетін түсіндіріп, мұқтажға қол ұшын созудың сауапты амал екенін атап өтті. Сондай-ақ жамағатты бірлік пен жанашырлыққа, игі істерге үлес қосуға шақырды.
Қайырымдылық шарасы мешіт жамағатының қолдауымен жалғасын таба бермек.




