Құспан молла мешітіне наиб имам тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ержан Иманғалиев Атырау қалалық Құспан молла мешітіне наиб имам болып тағайындалды.

Жаңа наиб имамды жамағатқа таныстырған Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Ержан Насихатұлының білімді де білікті дін қызметкері екенін атап өтті. Оның діни білім мен тәжірибені ұштастыра отырып, өңірдегі рухани жұмысты жандандыра түсетініне сенім білдірді.

Жамағат жаңа наиб имамды жылы ықыласпен қарсы алып, қызметіне сәттілік тіледі.

Иманғалиев Ержан Насихатұлы – Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылында дүниеге келген.

1996-2005 жылдары ауылдағы №3 жалпы білім беретін орта мектебінде оқыған.
2005-2008 жылдары Құлсары қаласыдағы кәсіптік білім беру лицейінде «автомеханик» және жүргізушілік мамандығын алды;
2009-2013 жылдары Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «исламтану» мамандығы бойынша бакалавр;
2015-2017 жылдары «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «исламтану» мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдады
2021-2024 жылдары Түркия мемлекетінде «Хасеки» атындағы «Диянет академиясын» тәмамдады

Қызмет өтілі:

2013-2015 жж Жылыой ауданы «Жылыой мұсылмандары» орталық мешітінде наиб имам;
2015-2017 жж Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Алғабас» мешітінде наиб имам;
2017-2021 жж Атырау облысы, Махамбет ауданы, «Исатай Махамбет» мешітінің бас имамы;

2024-2025 жж «Иманғали» орталық мешітінде наиб имам қызметін атқарды

Отбасылы, төрт баланың әкесі.