Құспан молла мешітіне қасиетті Қағбаның түпнұсқа жабындысы табысталды

Құспан молла мешітіне қасиетті Қағбаның түпнұсқа 1/1 шаршы метр жабындысы сыйға берілді.

Айта кету керек, Қағбаның жамылғысы (кисуа) әр жылы ауыстырылып, жаңартылып тұрады. Ескірген жамылғысы құрметті азаматтарға таратылады.

Бұл сыйлық мешітке ерекше қасиет пен рухани мағына қосып, жамағат үшін тағылымды іс ретінде қабылданды.