Қыздар арасында Құран жарысы өтті

Атырау қаласындағы Иманғали орталық мешітіне қарасты Танаұлы Жұмғұл ата атындағы орталықта қыздар арасында Құран жарысы өтті.

Байқау Құранның бес парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу аталымдары бойынша өтті. Сайысқа жасөспірім қыздар қатысып, қырағаттың тазалығы, тәжуид ережелерін сақтау және Құранды жатқа айту деңгейі бойынша бағаланды.

Шараның ашылуында облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, Құран оқудың артықшылығын атап өтті.

Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қазылар алқасы төмендегі жеңімпаздарды анықтады:

  • 1-орын – Айша Артурқызы
  • 2-орын – Айша Ергенқызы
  • 3-орын – Айзада Айдынқызы

Сонымен қатар, жарысқа белсенді қатысқандары үшін Амантай Фатима, Нурсила және Ғалымжанқызы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.