Қызылқоғада «Бәйтерек» мешітінде дәрістер өтуде

Қызылқоға аудандық «Бәйтерек» мешітінде жамағатқа арналған тұрақты дәрістер жүргізілуде. Мешіт имамы Мұрат Алдоңғарұлының айтуынша, сабақтар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы баспасынан жарық көрген еңбектер негізінде өткізіліп жатыр.

Атап айтқанда, дәрістерде «Құран жауһарлары», «Ихсан» және «Иман негіздері» атты кітаптар оқытылып, жамағатқа терең түсіндірмелер жасалуда.

Имамның айтуынша, бұл еңбектер – жамағаттың діни білімін арттыруға, құндылықтарды дұрыс түсінуге, имандылық пен адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған.