РАМАЗАН-2026: АЛҒАШҚЫ ОНКҮНДІКТЕ ИМАМДАР ӨҢІРЛІК БАҚ-ҚА БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ СҰХБАТ БЕРДІ

Қасиетті Рамазан айының алғашқы онкүндігінде Атырау облысы мешіттерінің имамдары өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа кең көлемде рухани-ағартушылық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, осы кезеңде мешіт имамдары 7 мәрте облыстық және 1 аймақтық телеарналарға, 2 радио, 1 YouTube порталына, сондай-ақ 1 облыстық газетке және 7 аудандық басылымға сұхбат берді.

Сұхбаттар барысында Рамазан айының рухани мәні, оразаның тәрбиелік маңызы, сабыр мен қайырымдылық, қоғамдағы бірлік пен татулық тақырыптары кеңінен қозғалды. Сонымен қатар дін саласындағы өзекті мәселелерге қатысты түсіндірме беріліп, жамағатты дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстануға шақырды.

Айта кетейік, мұндай ақпараттық-ағартушылық жұмыстар Рамазан айы бойы жалғасып, халыққа дұрыс діни түсінік беруді мақсат етеді.