Қасиетті Рамазан айының алғашқы онкүндігінде Атырау облысы мешіттерінде жүзеге асырылып жатқан «Пәтуа сағаты» жобасы аясында жамағат тарапынан 920 жалпы діни сұрақ қойылып, тиісті түсіндірмелер берілді.
Жоба аясында қойылған сұрақтар ораза үкімдері, намаз, зекет, садақа, отбасылық мәселелер және күнделікті тұрмысқа қатысты діни үкімдерді қамтыды. Имамдар мен білікті дін қызметкерлері жамағат сұрақтарына шариғат талаптарына сай жауап беріп келеді.
Айта кетейік, «Пәтуа сағаты» жобасы Рамазан айы бойы жалғасып, жамағаттың діни сауатын арттыруға бағытталған.













