РАМАЗАН-2026:РАМАЗАННЫҢ АЛҒАШҚЫ ОНКҮНДІГІНДЕ 1515 АДАМ НАМАЗ ОҚУ КУРСЫНА ҚАТЫСТЫ

Қасиетті Рамазан айының алғашқы онкүндігінде Атырау облысы мешіттерінде ұйымдастырылған намаз оқып үйрену курстарына 1515 адам қатысып, құлшылықтың негізгі талаптарын меңгерді.

Курстар барысында намаздың шарттары мен парыздары, уәжіптері мен сүннеттері кеңінен түсіндіріліп, қатысушыларға практикалық түрде үйретілді. Бұл бастама жамағаттың діни сауатын арттырып, тұрақты құлшылыққа баулуға бағытталды.