Рамазанның соңғы күнінде 100 отбасыға «Рамазан сыйы» табысталды

Қасиетті Рамазан айының соңғы күнінде Атырау өңірінде 100 отбасыға қуаныш сыйлаған қайырымдылық шаралары өтті. «Рамазан сыйы» жобасы аясында Иман және Қажымұқан Мұңайтпасұлы мешітінде игі істер ұйымдастырылды.

Шара барысында мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері табысталып, оларға қолдау көрсетілді. Қайырымдылық шарасына Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы арнайы қатысып, жиналған жамағатқа лебізін білдірді.

Бас имам өз сөзінде Рамазан айының мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін ерекше кезең екенін атап өтіп, мұқтаж жандарға қолдау көрсету – үлкен сауапты іс екенін жеткізді. Сондай-ақ бас имам жамағатты айт мерекесімен құттықтады.

Шара соңында көмек алған отбасылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін айтты.