Атырауға арнайы іссапармен келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының РАНТ (Республикалық ақпараттық-насихат тобы) мүшесі, Дастан Сүлейұлы Атырау қаласындағы Құспан молла және Әт-Тақуа мешіттерінде жамағатпен кездесті.
Кездесу барысында Дастан Сүлейұлы жамағатқа арнап насихат айтып, дін мен дәстүр сабақтастығы, көркем мінез, отансүйгіштік пен діни сауаттылық тақырыптарында тағылымды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, қазіргі қоғамда жиі кездесетін діни ағымдар мен радикалды көзқарастардың алдын алу жолдары жөнінде де түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
– Ислам – бейбітшілік пен мейірімділік діні. Дініміздің асыл құндылықтарын дұрыс түсініп, оны күнделікті өмірімізбен ұштастыра білу – әрбір мұсылманның басты міндеті. Бірлік пен татулық – ел амандығының кепілі, – деді Дастан Сүлейұлы өз сөзінде.
Айта кетейік, мұндай кездесулер – ел ішіндегі діни тұрақтылықты сақтау, жастардың діни иммунитетін күшейту және рухани тәрбие беру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі.



