Сағыз ауылындағы Абдолла хазрет мешітінде жасөспірімдер арасында Құран сайысы ұйымдастырылды. Іс-шараның ашылуында Қызылқоға ауданының бас имамы Мұрат Сұлтанов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыс екі бағыт бойынша өтті.
Құранның 30-парасын («Әль-Фаджр» сүресінен төмен) жатқа оқу бойынша:
- І орын – Исмайл Демеуғалиұлы (Миялы)
- ІІ орын – Дінмұхаммед Рүстемұлы (Сағыз)
- ІІІ орын – Батырғали Абдулкәрим (Миялы)
Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша:
- І орын – Абдуррохман Маратұлы (Сағыз)
- ІІ орын – Расул Кенжебейұлы (Миялы)
- ІІІ орын – Асылхан Медетұлы (Сағыз)
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан марапаттар табысталып, жас қари шәкірттерге алдағы білім жолында сәттілік тілeнді







