Тағы да Рамазан айының қасиеті туралы

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Баршамызды оразаға аман-есен жеткізген құдіреті шексіз Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтау-мадақтар болсын!


Рамазан
  – ( араб .: رمضان –  рамадан ) –  Хижра  күнтізбесінің тоғызыншы айы. Бұл айда  мұсылман  бір ай бойы  ораза  тұтады.

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Әй, мүміндер! Сендерге бүрыңғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақтанарсыңдар»,-деп бүйырады. Рамазан айы бүкіл мұсылманға берілген Алланың ұлы нығметтерінің бірі.

Мұсылмандар үшін қасиетті және берекелі ай және Құран Кәрім осы айда түсе бастаған. Мың айдан да қадірлі болып есептелетін Қадір түні де осы айдың ішінде.

Алла Тағалабылайдейді:

﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُتِبَ عَلَيْكُمُ الصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى الَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ ﴿١٨٣﴾

Уа, мүміндер! Өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім сол  арқылы күнә атаулыдан сақтанып, тақуалыққа жетерсіңдер[2].

Бұл айда орындалатын ең басты діни амал әрі бес парыздың бірі ауыз бекіту — ораза боп саналады.Сондай-ақ, Жаратқан мен жақындасуға бет бұратын ғибадаттардың бірі.

Яғни, таң сәреден күнбатқанша ішіп-жеуден,жыныстық қатынасқа барудан, түрлі жаманшылық атаулыдан өзін пәк ұстап, күнә істерді тоқтатады.

Оразаның пайдалары:

Ораза мінез-құлығымызды түзейді:

Ораза адамның мейірімін және жәрдемдесу сезімін күшейтеді:

Ораза ұстау адамның денсаулығын жақсартады:

Ораза адамды сабырлы болуға үйретеді:

Алла елшісіﷺораза ұстаушыға былайша өсиет еткен:

الصِّيَامُ جُنَّةٌ فَلاَ يَرْفُثْ وَلاَ يَجْهَلْ، وَإِنِ امْرُؤٌ قَاتَلَهُ أَوْ شَاتَمَهُ فَلْيَقُلْ: إِنِّي صَائِمٌ؛ مَرَّتَيْنِ

«Ораза күні сендердің ешқайсыларың жаман сөз айтып, даусын көтермесін. Ал егер біреу оны балағаттаса: «Мен оразамын, мен оразамын», – десін»[11]. Яғни  ораза ұстаушы қандай жағдайда болмасын оразасын ешкіммен ренжіспей,сабырлылық және ғибадатпен орындауы керек. Сонда ғана  Ржасаған құлшылық-ғибадаттары мен амал-ниеттерін Алла Тағала қабыл алады.

Аллаһ Тағала баршамызды өзіне мұйынсұнушы, сүйікті құлдарының қатарынан етсін! 

Рамазан мүбәрак болсын! Оразаларымыз қабыл болсын!

Эммат Ғұмаров,

Атырау қалалық «Құспан молла» мешітінің бас имамы