Атырауда жарапазан жыры айтылды (+ ВИДЕО)

Қасиетті Рамазан айының құрметіне, әрі Нурыз мерекесіне орай, Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастап, ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер, өнерпаздар жарапазан жырын насихаттады.

«Жарапазан – қазақтың үлгі болар дәстүрлі өнері. Халқымыз Рамазан айы келгенде кішкене балаларды жіберіп, үй-үйді аралап жарапазан айтқызатын болған. Бұл игі дәстүр бүгінде жалғасын тауып келеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» деп атады. Осы айтулы жыл аясында әр өкілдікке жарапазан эстафетасы жолданған болатын. Бүгін Атырау облысы Ақмола облысынан қабыл алып, Шығыс Қазақстан облысына жарапазан эстафетасын жолдадық» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.