Жылыой ауданына қарасты Тұрғызба ауылында мешіт жамағаты аядай ауылдың рухани өміріне серпін беріп отырған Алла үйіне қызметтік көлік табыстады.
Игі шара барысында ауыл ақсақалдары мешіт имамы Саламат Қаражановқа батасын беріп, мешіт пен жанындағы сауат ашу орталығының жұмысына береке тіледі.
Ауыл жамағатының бұл бастамасы – ел ішінде дін мен дәстүрге деген қамқорлықтың, бірлік пен ізгіліктің айқын көрінісі болды.


