Ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы атыраулық жамағатпен кездесті

ҚМДБ ұстазы Қабылбек Әліпбайұлы Атырау облысына жұмыс сапарымен келіп, аймақ орталығындағы «Әт-тақуа» мешітінде уағыз айтты.

Әділ, шыншыл болудың маңызы туралы насихат айтқан Қабылбек Әліпбайұлы «Мұсылмандық мінездің ең маңыздысы әділдік, себебі әділдіктің ұғымы өте ауқымды және оның кіріспейтін жері жоқ, сенімде, ғибадатта, сөз бен істе, тіпті адам ойында да әділдік қажет.

Сондықтан да, әділдіктің Исламдағы алар орны өте биік. Жеке адам болсын немесе қоғам болсын әділдіксіз биік шыңдарға шыға алмайды.
Әділдіктің қарама-қайшы ұғымы зұлымдық, әділдік талап етілген жерде табылмаса, ол жерде міндетті түрде зұлымдық жүреді, сондықтан да әділдіктің пайдасын айтқанда зұлымдықтың зардабы қоса айтылады.


Әділдік ұлы қасиет, оның ұлықтығы – Ол, Алла көркем есімдерінің бірі «Ал-Адл» (Әділетті), Алланың адамзатқа әділдігі имандымен имансызды ризықтандырды, көптеген елшілер жіберді, кітаптар түсірді, адасқан қателескен адамға тәубе есігін ашып қойды, туралыққа жол сілтеді»,-деп атап өтті.


Еске сала кетсек, Қабылбек Әліпбайұлы Атырау облысына жұмыс сапары аясында Жылыой ауданында және қала мешіттерінде болып жамағатпен кездесті.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.