Ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы талақ, уақытша неке құрудың шариғаттағы үкімін айтты

Атырау облысына жұмыс сапары аясында елімізге белгілі ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы Жылыой ауданына арнайы барып, жамағатпен кездесті.

Кездесу барысында «Муминун» сүресінің тәпсірін айтқан ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы жамағат тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауап берді.

«Зина, талақ, зекет, намаз, қажылық, неке тақырыбындағы сауалдарға жауап берген ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы жұртшылықты екі дүние сардары болған Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) өмірінен үлгі алуға шақырды.

«Мінезі Құран болған Пайғамбарымыз көркем, кемел мұсылман болды. Оның тілінен шыққан әр сөз жүрегінде, ісінде көрініс тауып жатты. Ол барлық адамды иманымен, жүректегі махаббатымен, көркем мінезімен баурап алды» деп атап өтті спикер.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.