ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Қостанай облысы Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінде жедел штаб құрып, қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.
Қазіргі уақытта 23 ерікті жұмылдырылып, 8 жүк тасымалдайтын көлікпен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен тұрмысқа қажетті құрал жабдықтар, төсектер үлестірілді. Одан бөлек Нұр-Сұлтан қаласы мен Балықты ауылынан қайырымдылық керуендері келіп, құрылған штабта орналастырылып жатыр.
«Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев жедел штабқа барып, өрттен зардап шеккен азаматтарға көмек беру үшін қабылданып жатқан іс-шаралармен танысты.