Индерде Елтай, Өрлік ауылдарында мешіт салынып жатыр (+ФОТО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Индер ауданына сапары барысында Елтай және Өрлік ауылдарында салынып жатқан мешіттердің құрылысымен танысты.

Құлшылық орындарының құрылысы қарқынды жүруде. Қазіргі уақытта аталған ауылдардағы мешіттер жанынан имам үйі мен дәретхана қоса жасақталуда.

Мешіттердің құрылысымен танысқан Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы атсалысып жатқан азаматтарға ризашылығын білдіріп, бірқатар тапсырмалар берді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.