Жылыой ауданы, Жаңа-Қаратон кентінде өткен кездесуді N9 Өрт сөндіру бригадасының бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Дастан Садыхов ұйымдастырды.
Өрт сөндірушілерге «Нұрқас Сатыбалды» мешітінің имамы Жалғас Исаханұлы дін атын жамылған эсктремизм тақырыбында уағыз айтып, сұрақтарға жауап берді.
«Ислам – бірліктің діні. Ол барша адамзат үшін түсірілген дін. Сондықтан, исламға «арабтың діні» деп қарайтын қасаң түсініктен арылу қажет. Ислам – жақсылықтың нұрын себуші дін. Жүрегімізді таза ұстап, жақсы істерге көбірек ұмтылатын болсақ, миссиямыз да осы. Ислам терроризмге түбегейлі қарсы» деп атап өтті имам Жалғас Исаханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.