Жастардың бойында діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру үшін ең бірінші қазақи тәрбие, діни сауаттылыққа мән беру керек.
Абай атамыз адамға 3 алуан адамнан мінез жұғады: ата – анасынан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе қайсысын жақсы көрсе, содан көбірек жұғады деген. Осы үшеуі баланың болашағына әсер ететіндігін айтқан.
Енді біз ата – ана ретінде, ұстаз ретінде балаларымызға, шәкірттерімізге үлгі бола алып жүрмізбе? Қазіргі жастар өз құрбы – жолдастарын көбірек үлгі тұтатын секілді. Ал сол құрбы – жолдастары кімді үлгі тұтуда. Қазіргі жат діни ағымның соңына ілескендердің басым көпшілігі дәстүрлі діни сауаты төмен немесе мүлде жоқ адамдар.
Еліміздегі дінге бет бұрған жастарды, дәстүрлі дініміздің негізінде, өз елімізде білімдерін қалыптастырып, өз еліміздегі діни медреселерде білім алғаннан кейін ғана, шет елдерде білім алуға рұқсат берілсе.
Қазіргі таңда сіз бен біз ақпараттандыру заманында өмір сүріп отырмыз. Ғаламтор желісі арқылы қаншама жастарымыз теріс діни ақпараттардың құрбаны болуда.
Сол себепті діни ақпарат алғысы келген жастарға айтар кеңесіміз: еліміздегі сенімді діни – ақпараттық сайттарға ғана кіру. Олардың кейбірі ҚМДБ-ның сайты muftyat.kz, amin.kz, mazhab.kz, muslim.kz және т.б. Муфтият тарапынан мұнара газеті шығарылуда.
Және діни білім алам деушілерге елімізде Нұр Мүбарак университеті, 9 медресе коледж бар. Жастар алғашқы діни білімді өз елімізде, қазақи тәрбие мен дәстүрлі Абу Ханифа мәзһабымен алу керек. Қазақ кеше ғана мұсылман болған халық емес, сол себепті жастарымызға тілімізді, тарихымызды, салт – дәстүрімізді, дінімізді дұрыстап түсіндіргеніміз абзал.
Ералы ҚАМЗАҒАЛИЕВ,
Индер аудандық орталық мешітінің бас имамы