Жемқорлықтың зардаптары

Асыл дініміз Исламда келген тыйым етілген дүниелердің барлығында адам баласының жеке басы мен қоғамға зияны бар екендігі белгілі.

Осындай үлкен күнә деп танылып, дініміздегі тыйым етілген істердің бірі – жемқорлық.Алла ТағалаҚасиетті Құранның «Бақара»сүресі, 188-аятында:

وَلاَ تَأْكُلُواْ أَمْوَالَكُم بَيْنَكُم بِالْبَاطِلِ وَتُدْلُواْ بِهَا إِلَى الْحُكَّامِ لِتَأْكُلُواْ فَرِيقاً مِّنْ أَمْوَالِ النَّاسِ بِالإِثْمِ وَأَنتُمْ تَعْلَمُونَ

«Араларыңдағы мал-дүниелеріңд бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың дүниелерінен бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар», – деп айтқан.

Жемқорлық орын алған жерде жауапкершілік жоғалады, әділетсіздік орын алып, тыйым салынған нәрселерге рұқсат етіледі. Ата-бабаларымыз«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деу арқылы, ұрпағын имани қасиеттерден ажырамауға шақырып, әркез туралықта болуды насихат еткен.

Жаратушымыз Алла Тағала Қасиетті Құранның«Мәида» сүресі, 42-аятында:

سَمَّاعُونَ لِلْكَذِبِ أَكَّالُونَ لِلسُّحْتِ فَإِن جَآؤُوكَ فَاحْكُم بَيْنَهُم أَوْ أَعْرِضْ عَنْهُمْ وَإِن تُعْرِضْ عَنْهُمْ فَلَن يَضُرُّوكَ شَيْئاً وَإِنْ حَكَمْتَ فَاحْكُم بَيْنَهُمْ بِالْقِسْطِ إِنَّ اللّهَ يُحِبُّ الْمُقْسِطِينَ

«Олар өтірікке құлақ салушы, арам жеушілер. Егер оларсағанкелсе, араларынаүкімбернемесеолардантеріс бұрыл. Егеролардан теріс бұрылсаң да, оларсағанешбірзиянбереалмайды. Ал егер араларына үкім берсең, тура үкім бер. Расында Алла турашылдарды сүйеді», – деп айтқан.Сағид ибн Жубайр (Алла оған разы болсын) жоғарыда келген аяттағы «арам жеушілер» дегенжерін: «Жемқорлық турасында айтылған», – деп тәпсірлеген.

Бұқар жырау бабамыз:

Айтқан сөзге тұрмаған – жаман емей немене,

Сұрағанды бермеген – сараң емей немене,

Кісі ақысын көп жеген – арам емей немене, – деу арқылы, жемқорлықтың шариғатымыздағы үкімі харам екендігін баяндаған.

Ақын Шортанбай Қанайұлыөз заманындағы би-болыстарды жемқорлықтан сақтандырып:

Билер, пара жемеңдер,

Жанғабейнеткезбеңдер.

Кісі хақын алмаңдар,

Аузыңа пара салмаңдар, – деп жемқорлық пен парақорлықтың зиянын өлең жолдарымен жеткізіп кеткен.

«Дін – тірбие діңгегі» демекші, шариғатымыз біздерге күнәлі істерді баяндап қана қоймай, одан сақтану мен арылудың жолдарын да үйретеді.

Махсат АЛПЫСБАЙ,

«Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы.