Жылыой аудандық мешітінде қажылық тақырыбында насихат айтылды

Жылыой аудандық мешітінде қасиетті қажылық құлшылығы тақырыбында насихат өтті. Шара барысында Мәулімберген мешітінің имамы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қажылық мәселелері бойынша өңірдегі жауапты маманы Наркес Боханов жамағатқа насихат айтып, қажылықтың маңызы мен шарттарына кеңінен тоқталды.

Насихат барысында имам қажылықтың исламдағы орны, оның парыз болуының шарттары, ниет тазалығы мен сабырдың маңызы туралы айтты. Сондай-ақ қажылық сапарына дайындық, тәртіп пен жауапкершілік мәселелері де сөз болды.

Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, қажылыққа баруды ниет еткен азаматтарға пайдалы кеңестер ұсынылды.