Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қуанышұлының ұйымдастыруымен, Құлсары қаласында тұратын бір топ қарияның шаңырағына азық-түлік жеткізілді.
«Қайырымдылық іс-шарасы аясында имамдар қарттардың тыныс-тіршілігімен танысып, рухани сұхбат жүргізді. Қариялар мешіт қызметкерлеріне алғыс айтып, бата берді.
Қазіргідей карантин жағдайында мешіт осылайша ақсақалдармен, ақ жаулықты аналармен арадағы рухани байланысты жалғап отыр» дейді ұйымдастырушылар.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.