Мақат ауданының бас имамы жастармен кездесті

Кездесу барысында ұрпақ тәрбиесі, жалпы, ел ертеңі – жастар мәселесі талқыланды.

Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов жастарды заман талабына сай білім алуға, бәсекеге қабілетті маман болуға және отбасы алдындағы жауапкершілікті абыроймен арқалауға шақырды.

«Ислам – ғылымның, білімнің, өркениеттің діні. Құлшылықпен бірге, ислам ерушілерін білім алуға шақырады. Себебі, қасиетті Құранның өзі «Оқы!» деп түскен.

Жастарымыз діни сауатты болумен бірге, дүниелік ілімді де игеруі керек. Жүрегінде иманы, жиған білімі бар жас – еліміздің еңселі ертеңінің кепілі» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.

Сонымен бірге, ұстаз Біләл Сағындықов ұрпақ тәрбиесіндегі дін мен діл, дәстүр сабақтастығы тақырыбында уағыз айтып, аудитория тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.