Жылыой аудандық мешітінің имамдары «Отбасыларды қолдау орталығына» арнайы барып, қайырымдылық көмек көрсетті.
Шара аясында орталықтағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға асқабақ пен сәбіздер табысталды.
Игі іске ауданның бас имамы бастаған мешіт қызметкерлері мен жамағат өкілдері де атсалысты.
Имамдар бұл бастаманың мақсаты — қоғамдағы мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, мейірім мен ізгілікке үндейтін дәстүрді насихаттау екенін айтты.
— «Қайырымдылық — мұсылманның ең көркем қасиеттерінің бірі. Осындай игі істер арқылы біз ел ішіндегі бірлік пен мейірімділікті арттырамыз», — деді ауданның бас имамы.
Шара соңында орталық өкілдері алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да мешіт ұжымымен бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.


