ЖЫЛЫОЙДА 20 ШӘКІРТКЕ ҚҰРАН ТАБЫСТАЛДЫ

Жылыой мешітінде Ыбырашев Арман қариның жетекшілігімен 20 жамағат қасиетті Құран Кәрімді толық хатым етіп, Құранға түсті. Салтанатты шара барысында Құран хатымын тәмамдаған жамағатқа қасиетті Құран кітаптары табысталды. Құранды табыстау рәсімін Жылыой ауданының бас имамы Думан Мұратұлы жүргізіп, шәкірттерге ақ тілегін білдірді. Сондай-ақ ол Құран ілімін үйренудің маңыздылығы мен оны өмірде ұстанудың сауабы жөнінде насихат айтты.