Жылыой аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен 200 балаға Рамазан сыйы үлестірілді.
Рамазан сыйлықтарын бүлдіршіндерге Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев бастаған мешіт имамдары, ұстаздар, еріктілер үлестірді.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау қаласындағы орталық мешітте Исатай-Махамбет алңында сәбилерді Рамазан тәттілерімен қуантқан болатын.