Мәуліт айына орай, Жылыой ауданында бірқатар шаралар өтті

Қасиетті Мәуліт айының құрметіне Жылыой аудандық орталық мешіті бірқатар ауқымды шаралар ұйымдастырды.

Жылыой аудандық орталық мешітінде Мәуліт рухани кеші өтіп, Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев «Пайғамбардың өнегелі өмірі» тақырыбында насихат айтып, жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Сонымен бірге, Мәуліт айында ерекше отыз балаға дастархан жайылып, тәттілер үлестірілді.

Мәуліт айының құрметіне Жылыой аудандық мешіті ұжымы мен бір топ жамағат «Міржақып, Оян, қазақ!» көркем фильмін тамашалауға барды.

«Мәуліт – уағыз-насихат тыңдап қана қоймай, ізгі амалдар жасауға асығатын ай. Бұл айда адам өзін-өзі тәрбиелеп, рухани дамуға, өзгеруге ұмтылғаны абзалырақ. Мәуліт – жақсы амалдардың айы» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.