Жылыойда жамағат арасында интеллектуалдық жарыс өтеді

Жылыой аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен 22 қазан күні «Сұрақ қой» интеллектуалдық жарысы өтеді.

«Зияткерлік сайыстың мақсаты – жамағаттың жан-жақты білімін дамытуға қызығушылығын арттыру, әрі бірлік, ынтымақты нығайту. Зияткерлік сайысқа қатысуға ниет білдіргендер 18 қазанға дейін тіркеліп үлгеруі қажет» дейді ұйымдастырушылар.