Жылыой аудандық орталық мешітінде аналарға арналған семинар өтті.
«Ана болудың діндегі орны» атты семинарға жиырмаға жуық әйел адам қатысты.
«Ана – адамды өмірге әкелетін қасиетті жан. Баласы үшін өзінің қуанышы мен тыныштығын, денсаулығы мен әдемілігін қашанда құрбан етуге дайын абзал жан.
Адам баласы дәл осы ананың жатырында пайда болады, болмысы сонда қалыптасады, анасының қаны мен денесінен өзіне қажетті ең құнды дәрумендерді алады, сөйтіп күн санап үлкейіп, анасының қабырғасын керіп, ақыры жарық дүниенің есігін ашады. Ал, шыбын жанын ортаға салған әз ана босану барысында өлім мен өмірдің арасында арпалысумен болады. Сондықтан, анаға құрмет көрсету – парыз» деп атап өтті ұстаз Дана Абдрахманова.