Атырауда әйелдер секторы балаларға Рамазан сыйлықтарын тапсырды (+ ВИДЕО)

Рамазан бокстары жиырмадан астам бүлдіршінге таратылды.

Ізгі шараны ұйымдастырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі.

Ұйымдастырушылар мақсат – Рамазанның жылулығын балаларға сезіндіру екенін айтады.

«Рамазан – жылулықтың, ізгіліктің мерекесі. Бұл айда жақындарымызға сыйлық беріп қуантқанымыз абзал. Біз балаларды қуанту арқылы, Рамазан мерекесінің ерекшелігін дәріптегіміз келді» дейді ұйымдастырушылар.

Сондай ақ, 30 адамға ауызашар қоржындары таратылды.

Әйел-қыздар секторы балаларға базарлық таратты #рамазансыйы – YouTube