Жылыойда Мәуліт айының құрметіне қайырымдылық шарасы өтті

Жылыой мұсылмандары мешітінде Мәуліт айының құрметіне орай жиырма отбасына ет таратылды. Бұл игілікті іске ауданның бас имамы Думан Мұратұлы қатысып, жамағатқа арнайы сөз сөйледі.

Имам өз сөзінде:
«Баршаңызға Мәуліт айы құтты болсын! Бұл ай – адамзаттың ардақтысы, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келген қасиетті кезеңі. Мәуліт – мейірім мен берекенің, бірлік пен бауырмалдықтың айы. Осыған орай Жылыой мешітінде жиырма отбасына ет үлестіріп, шағын болса да ізгі амал жасауды жөн көрдік. Алла Тағала қабыл етіп, халқымыздың бірлігін арттырсын, шаңырақтарыңызға амандық пен береке берсін!» – деп ниетін білдірді.