Жылыойда “Өмірге үміт сыйла” жобасы аясында қайырымдылық көмек көрсетілді

Жылыой аудандық мешіті мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен “Өмірге үміт сыйла” жобасы жалғасуда. Игі бастама аясында 78 жастағы жалғызбасты ақсақал, І топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат Ысықбаев Ақзомға көмек көрсетілді.

Қыстың суық мезгілінде үйінде жылу болмаған қарияға жаңа жылу қазандығы орнатылып, қажетті жағдай жасалды.

Ауданның бас имамы Думан Мұратұлы бұл шараның мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық танытып, қоғамда мейірім мен ізгілікті арттыру екенін атап өтті.

Игі іс шеңберінде алдағы уақытта да әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты және мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға көмек көрсетілмек.