Атырау облысы, Жылыой ауданында Құран Кәрімнің «Дұха» сүресінен «Нәс» сүресіне дейін жатқа айту бойынша балалар арасында Құран сайысы ұйымдастырылды. Рухани додаға 8-18 жас аралығындағы 42 бала қатысып, өзара бақ сынады.
Сайыс қорытындысы бойынша:
- Бас жүлде – Нұриман Аманұлы (70 000 тг)
- І орын – Исаев Бекболсын (50 000 тг)
- ІІ орын – Азаматұлы Ибраһим (30 000 тг)
- ІІІ орын – Серік Муса (20 000 тг)
Сонымен қатар арнайы номинациялар бойынша:
- Ең жас қатысушы – Абдусомад Рүстемұлы (10 000 тг)
- Көрермен көзайымы – Болат Нұрдәулет (10 000 тг)
Байқауға қатысқан өзге шәкірттерге ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Сайыстың мақсаты – жас буынның Құран Кәрімге деген сүйіспеншілігін арттырып, діни білімге ынталандыру.










