Жылыой ауданында нәзік жандылар арасында пайғамбарға салауат айтуға арналған «Жүректен шыққан салауат» атты рухани марафон өтті. Бір аптаға созылған марафонға ауданның әр түкпірінен 80-ге жуық әйел қатысып, Алла елшісіне деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Жарыс нәтижесінде, 527 553 мәрте салауат айтқан Гүлсім Жамбылқызы 1-орынды иеленсе, 2-орын — Жанар Серікқалиқызына, ал 3-орын — Айгерім Нұрғабылқызына бұйырды.
Марафон әділ әрі шынайы өтуі үшін жарыс барысы мешіт ұстаздарының бақылауында ұйымдастырылды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысқан Жылыой ауданының бас имамы Думан Мұратұлы қатысушыларға алғыс білдіріп, жалпы саны 5 865 878 мәрте салауат айтылғанын атап өтті. Ол бұл бастаманың Алла елшісіне деген құрметтің жарқын көрінісі екенін жеткізді.



