Жылыой аудандық орталық мешіті жанындағы «Әйелдер – қыздар секторы» бөлімінің ұйымдастыруымен Құран жарысы өтті.
Сайысқа кішкене бүлдіршіндермен бірге, қыздар, аналар қатысты.
7 – 70 жас аралығындағы барлығы 26 шәкірт бас қосқан бәйге тартысты өтті. Шәкірттер жас ерекшеліктеріне қарай, Құранды мәнерлеп оқудан және жатқа айтудан жарысты.
Сайыстың бас жүлдесін Гүлжан Серікова жеңіп алды.
1 орын Әсия Саматқа бұйырды.
Екінші және үшінші орынды Жұмагүл Маланова мен Ырысты Ізбасарова өзара бөлісті.
Жеңімпаздарға жалпы қоры 200 мың теңге болатын жүлде қоры тапсырылды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.