Жылыой мешітінде Құран жарысы өтті (+ ФОТО)

Жылыой аудандық орталық мешіті жанындағы “Әйелдер – қыздар секторы” бөлімінің ұйымдастыруымен Құран жарысы өтті.

Сайысқа кішкене бүлдіршіндермен бірге, қыздар, аналар қатысты.

7 – 70 жас аралығындағы барлығы 26 шәкірт бас қосқан бәйге тартысты өтті. Шәкірттер жас ерекшеліктеріне қарай, Құранды мәнерлеп оқудан және жатқа айтудан жарысты.

Сайыстың бас жүлдесін Гүлжан Серікова жеңіп алды.
1 орын Әсия Саматқа бұйырды.


Екінші және үшінші орынды Жұмагүл Маланова мен Ырысты Ізбасарова өзара бөлісті.

Жеңімпаздарға жалпы қоры 200 мың теңге болатын жүлде қоры тапсырылды.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.