Алтынбек Ұтысханұлы Атырау мешіттеріне тапсырма берді

Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен облыс имамдарының қатысуымен онлайн жиын өтті.

Жиында ҚМДБ тарапынан бекітілген биылғы жыл – «Ислам – ынтымақ және бірлік жылы» аясында атқарылатын жұмыс жоспары талқыланды.

Яғни, осы бағытта жүзеге асырылатын шаралар, дәрістер, мақала сұхбаттар арқылы, ынтымақты кеңінен халық арасында насихаттау мәселесі аталып өтті.

«Бас мүфти бекіткен жеті бағыт бойынша жұмыстар одан әрі жалғасады. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде мешіттерді қадағалауымыз керек. Қызметкерлеріміздің этика жайы, тәртібі де басты назарда болуы керек.

Біз қоғамды көркем мінезбен тәрбиелеуге атсалысуымыз қажет» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.