Атырауда орталық мешітке дезинфекциялық жұмыстар жасалды

Атырауда орталық «Иманғали» мешітіне дезинфекция жасалды.

Қауіпті коронавирус инфекциясының «оммикрон» штаммының Қазақстанда анықталуына байланысты, елімізде карантиндік режим күшеюде.

Осыған орай, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен орталық «Иманғали» мешітінде кешенді дезинфекциялық жұмыс жүргізілді.

Соңғы бір тәуліктің өзінде елімізде коронавирус инфекциясын 10 мыңға жуық адам жұқтырды.

Коронавирус инфекциясының таралу деңгейі бойынша Атырау облысының «қызыл аймақта» орналасуына әрі елімізде төтенше жағдай жариялануына орай, қазіргі уақытта Атырауда мешіттер уақытша жабық тұр.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі